Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Ресей Байқоңырдан «Протон» ұшыруды жиілетті

Алдағы үш ай Қызылорда облысының халқын тағы сансыз сынақ күтіп тұр. Ресей тамызға дейін Байқоңырдан 7 «Протон» ұшырмақ. Бұл жөнінде КТК телеарнасы мәлім етті.

Ресей Байқоңырдан «Протон» ұшыруды жиілетті


Кесте бойынша, бірінші зымыран тасығыш 28-ші сәуірде көкке көтеріледі. Бірақ, Ресейдің мұнымен шектелмесі анық.  Көршілеріміз жылдың соңына дейін әлі бірнеше «Протон» ұшыруды жоспарлап отыр. 2013 жылы 2-ші шілдеде Қызылорда облысында «Протон» құлап, 600 тонна улы гептил жерге төгілген болатын. Кейін отандық мамандар сол апаттан табиғатқа 14 миллиард теңгеге зиян келгенін есептеп шыққанымен, Ресей әлі өтеуін берген жоқ. Ұшырылымдардан миллиондап табыс тауып жатса да, Мәскеу айыппұл төлеуге асығар емес.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: