Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «АСТАНА» МӨЛТЕК АУДАНЫ ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «АСТАНА» МӨЛТЕК АУДАНЫ ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

 

Сенбі күні, 11 ақпанда, Қызылордадағы «Астана» шағын ауданында 300 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады.
- Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Соңғы 3 жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді,- деді аймақ басшысы. 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы - 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: