Қызылорда облысы Шиелі ауданының қарт тұрғыны, 92 жастағы тыл ардагері Күлмарал Нұрманова немере-шөберелерімен бірге Ы. Жахаев ауылы, №149 орта мектептегі №278 сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс берді.
Ауылда ауыл шаруашылығы саласында көп жыл еңбек еткен ардагер сайлауға қатысу басты парызы екендігін, еліміздің және ұрпағының тағдырына бей-жай қарай алмайтындығын жеткізді.