Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қазалы ауданына жаңа әкімі тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына (ротациялық тәртіппен) Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Қазалы ауданында өткен жиында таныстырды.
Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылғы қараша айынан бастап Арал ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: