ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің келісімімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес Бекжанов Еркебұлан Маратұлы осы министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
Еркебұлан Маратұлы 1982 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «географ-эколог» және «Болашақ» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Қызмет жолында жеке сектор мен мемлекеттік қызмет саласында жауапты қызметтер атқарған.
2013 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.