Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ


Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Қорытынды сессияның күн тәртібінде қалалық мәслихаттың ағымдағы жылы атқарған жұмыстары, 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы шешім жобасы, мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мен кезекті сессияның төрағасын сайлау мәселелері қаралды.
– Есепті мерзімде 4 кезекті, 10 кезектен тыс сессия, 14 тұрақты комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде сессия қаралымындағы 47 мәселе өз шешімін тапты. Олардың қатарында қаланың энергетикалық қуаттылығын арттыру, білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған шаралар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қазіргі ахуалы, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, көктемгі және күзгі әскерге шақыру, бюджеттің орындалуы сынды мәселелер бар. Әрбір жоспарлы сессияның күн тәртібінде ұсынылған жәйттерді депутаттар жіті қадағалауы үшін арнайы рейд ұйымдастырды. Мұнан да өзге атқарылар шаралар депутаттық корпустың басты назарында, – деді қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: