КАЛЬЦИЙ ҚОСЫЛҒАН СОДА ӨНДІРЕТІН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЗАУЫТ ҚЫЗЫЛОРДАДА САЛЫНАДЫ
«Аралтұз» АҚ (директорлар кеңесінің төрағасы Мұқашев Д.Р) және қытайлық «QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo. Ltd» компаниясы Кальций қосылған сода өндірушілері қауымдастығының төрағасы (ҚХР) Динг Чаоран мырзаның төрағалығымен «Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болатын кальций қосылған сода өндіру зауытының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарғылық капиталы 17,5 млрд теңгеден асатын қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды,-деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жобадағы жалпы инвестиция көлемі 87,5 млрд теңгеден асады.
Кальций қосылған сода органикалық емес синтездегі маңызды өнімдердің бірі, натрий хлоридін (ас тұзы) және кальций карбонатын (әктас) алуда негізгі шикізат ретінде саналады. Кальций қосылған соданың ірі тұтынушылары шыны, химия, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салалары болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының кальций қосылған содаға сұранысы жылына 400 мың тоннаны құрайды және ел аумағында өзіндік өндіріс болмағандықтан Ресей Федерациясынан келетін импорт есебінен толықтырылып отыр.
Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұңғыш зауыттың құрылысын салудағы мақсат - Қазақстан Республикасының ішкі нарығын әлемдік озық технологияларды пайдалану арқылы жергілікті жерде өндірілген, экология және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету арқылы импортқа тәуелділікті азайту.
Сода зауытының құрылысы 700 ден астам жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге, тек Арал аймағы ғана емес тұтас еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.
Аталған жоба экономиканың басым секторларының тізіміне кіреді және «Казақстанның индустрияландыру картасы», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының барлық талаптарына сәйкес келеді: «Өнімділік 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы»
Анықтама үшін: «АралТұз»АҚ – ас және техникалық тұз өндіруде Қазақстан Республикасы мен жақын шет елдерде көшбасшы саналады. Кәсіпорын нарықтың сұранысын толық қанағаттандыратын өнімнің кең ауқымды түрлерін шығарады, атап айтқанда: жұмсақ және қатты қаптамадағы ас тұзы, жемдік тұз, , техникалық қажеттіліктерге арналған тұз. т.б. 1200-ден астам қызметкері бар компания Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан.