Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Жаңақорған ауданында әкім ауысты

Жаңақорған ауданында әкім ауыстыЖаңақорған ауданын бүгіннен бастап Руслан Рүстемұлы Рүстемов басқаратын болады. Ал ауданда 3 жылдан аса басшы болған Сұлтанбек Тәуіпбайұлы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне директор қызметіне ауысты. Бұл жөнінде бүгін облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы аудан активінің жиынын өткізіп, жаңа әкімді таныстырды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңақорған ауданында әкім ауысты 
 
Руслан Рүстемұлы Рүстемов 1968 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне түсіп, 1994 жылы «филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеді. 1994 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының машықтанушы оқытушысы. 1995-1996 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 1996-1997 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының «Филология» оқу-ғылым кешені директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы, кеңесшісі, қала әкімінің баспасөз хатшысы. 1998-1999 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мәселелер және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 1999-2002 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2002-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі. 2008-2010 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары. 2010-2011 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2011-2013 жылдары «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2014 жылдың 2 шілдесінде облыс әкімінің №458-өкімімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: