Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ


Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 13 шілдедегі (№52/80) қаулысымен Белкөл кенті әкімінің сайлауы 2018 жылғы 17 тамызға тағайындалды.
Сайлау қорытындысымен үміткер Мұсабаев Тастайбек Түрікбенұлы басым дауысқа ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.
Тастайбек Түрікбенұлы 1959 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1981 жылы - Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер құрылысшы», 1993 жылы – Қарағанды жоғары милиция мектебін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Қазалы ауданы ПМК мекемесінде шебер болып бастаған.
1983-2009 жылдары Ішкі істер органдарында қызмет еткен, Қармақшы, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, Тасбөгет ішкі істер бөлімінің бастығы, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметтерінде болған. Запастағы полковник;
2010-2017 жылдар аралығында Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: