ҚОРҚЫТ АТА КЕСЕНЕСІ МЕН БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ЭКСПО ҚОНАҚТАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалдық кешені «ЭКСПО-2017» келетін туристтерді қабылдауға толық дайын деуге болады. Елбасының тапсырмасымен 2014 жылы кешенге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұрынғы кесенеге тән архитектуралық ерекшелігін сақтай отырып, жаңа үлгіде қайта салынды.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді.
Байқоңырда туристік экскурсияларды ұйымдастырумен 2 туристік фирма айналысады. Сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсиялар ұйымдастару құқығына 7 қазақстандық туроператор ие болды.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандарылған көрмесінің қонақтарына арналып Қызылорда облысында «Сырдария» туризм бюросы» ЖШС-гі тарапынан бір туристтік маршрут жасақталды. Маршрут Қызылорда қаласы – Қорқыт Ата мемориалы- Байқоңыр ғарыш айлағын байланыстырады. Облысымыздың қонақтарына арналған маршрут екі күнге есептелген.