Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп
Қазір Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Бұл жөнінде Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтты.
- Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады. Нағи Ілиясов және Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүремін. Сіздер осы аймақпен қатар күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық.
Қазір Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. 3 жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, - деп атап өтті Президент.