Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылорда Қытаймен байланыс орнатты

Қызылорда облысының бір топ делегациясы Қытай халық республикасында жұмыс сапарымен болды. Делегацияны Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастап барды. Аймақ басшысы Нинся автономды ауданының губернаторы Лю Хуэймен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты меморандумға қол қойды.

Қызылорда Қытаймен байланыс орнатты

Екі өңірдің байланысы Қазақстан-Қытай арасындағы достастықты арттыра түспек. Бұл байланыс қос тарап үшін де мол мүмкіндік береді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорданың даму келешегі туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сапар барысында қызылордалық делегат Нинся автономды ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап көрді. Әсіресе, металлургия саласында жұмыс жасап жатқан өндірістерге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қатайлықтар индустриалды аймақ, мұнай-химия кешені бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Алдағы уақытта екі өңір әлеуметтік-экономикалық әріптестік байланыста тығыз жұмыс жасауға ниетті екендіктерін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: