Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

«БАЙҚОҢЫР ИНВЕСТ» ФОРУМЫНДА 5 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 

Форумның пленарлық отырысында Қызылорда облысы әкімдігі және бірқатар инвесторлармен меморандумдарға қол қойылды.
Атап айтқанда, облыс әкімдігі мен «North Caspian Operating company» компаниясы, Қызылорда облысы әкімдігі мен «Даму» қоры, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы мен Әзірбайжан бизнес-инвестициялар қауымдастығы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан франчайзинг қауымдастығы, «Агроинвест Қызылорда» ЖШС мен «Чжон Мэй» инженерлік тобы арасында өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды. 
Инвестфорумның жұмысы «Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері», «Инвесторлар үшін жаңа келешек», «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы», «B2B кездесу форматындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы секция отырыстарымен жалғасты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: