Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада 9 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды

Қызылордада 9 айда атқарылған жұмыс қорытындыландыҚызылордада қала және аудан әкімдерінің қатысуымен өткен жиналыста ағымдағы жылдың үш тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындыланды.
- Ерекше экономикалық жағдайда дұрыс шешімдер қабылдау керек. 19-20 қазан күндері Елбасының өңірімізге жұмыс сапары барысында аймағымыздың дамуы қарқынына жоғары баға берді. Дегенмен, оған тоқмейілісуге болмайды. Басталған жұмысты жалғастыру керек. Дағдарыс кезінде қаржыландырудың қысқаруына байланысты облысымыздың елді мекендерін дамыту және абаттандыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын белсенді тартып жатырмыз», - деді жиынды ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Тоғыз ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова баяндады. Облыста дамудың оң диномикасы сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, тұтынушы бағалары орташа республикалық деңгейден төмен. Бөлшек сауда айналымы өскен. Өңірдің экономикасын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылып, бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. ҰБТ көрсеткіштері 7,5 баллға жоғарлап, облыс республикалық рейтингте бесінші орынға көтерілді. Аурушаңдық көрсеткіштері төмендеді.
Жылу маусымына дайындық жайы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов баяндады. Облыста барлық әлеуметтік нысандардың жылу жүйлері мен құбырлары жөндеуден өтті. Қалалық ЖЭО мен ҚӨЖО орталықтары қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аймақтағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі аудан орталықтарын газдандыру. Қазірдің өзінде үш аудан көгілдір отынға қосылса, төртінші Арал ауданына келесі аптада газ беріледі.
Агроөнеркәсіп кешені мен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жасалған жұмыс туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов және облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандасов баяндады.
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі аудан әкімдерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарлаған жобаларды уақытылы жүзеге асыруды және қолға алынған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: