Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

  ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әкімдіктің мәжіліс залында халық қалаулыларының басын қосты. Аймақ басшысы төртжылдық қызметтерінде облыстың өркендеп-дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өткір ойлары мен салмақты идеяларын ортаға салған депутаттарға өз ризашылығын білдірді. 
– 2013 жылдан бері сіздермен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт аралығында аймақта атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктеріміз ортақ еңбектің жемісі деп білемін. "Айна – айна емес, халық айна”. Ал елдің атқарылған істерге берген бағасы, ықыласы ерекше. Сондықтан бірге жұмыс атқарған бұл жылдар біз үшін табысты болды деп айта аламыз. Осы уақыт аралығында аймақтың қай саласын алсаңыз да өрлеу, алға жылжу байқалады. Құрылыс та қарқынмен дамып келеді. Жүйелі жүзеге асырылған бұл жоспарларда сіздердің де қолтаңбаларыңыз бар. Сараптап қарасақ, осы шақырылым барысында 478 депутаттық сауал жолданыпты. Оның 84 пайызы өз шешімін тапқан. Ал 16 пайызы маңызды стратегиялық жобалар. Сондықтан да Сыр елінің жасарып, жаңаруына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.
Жиын соңындааймақ басшысы халық қалаулыларына түрлі министрліктердің арнайы төсбелгілері мен құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: