Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында меморандумға қол қойылды
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (МҚІжСЖҚІД) басшысы Мұрат Қарымсақов және Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы директоры Руслан Досмаханов бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Іс-шарада Қызылорда облысы бойынша МҚІжСЖҚІД-і басшысы Мұрат Қарымсақов аталған Меорандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, кәсіпкерлерге жаңа құрылған Агенттіктің қызметі туралы әңгімеледі, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында бекітілген мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары туралы түсіндірме берді.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдері қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру бизнес өкілдерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арттыратынын атап өтті.