Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР КӨП

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР КӨП

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов БАҚ өкілдеріне ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстардың қорытындысын жəне алдағы жоспарлар барысы бойынша брифинг берді. 
Биылғы жылы аудан экономикасымен әлеуметтік жағдайының тұрақты даму алатын жыл басы. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда экономиканың барлық саласы бойынша өсу тенденциясы қалыптасты. 
Аудан диқандары тарихта болмаған жоғары рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Аудан күріш дақылына өте қолайлы аудандардың бірі биылғы егілген 14025 га күріштің әр гектарынан 58,3 центнерден өнім жиналып, 81,7 мың тонна астық қамбаға құйылды. Бұл аудан еңбеккерлерінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына қосқан үлесі. 
Сондай-ақ, биылғы жылы Жосалы кентінде жеке тұрғын үй салуға жер учаскесін сұраған, кезекте тұрған 1300 азаматтарға жер учаскелерін табыстауға мүмкіндік туып отыр. 2016 жылы инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн.теңге, облыс бюджеттен 80 млн. теңге, барлығы 800,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін бұл жұмыстар бітіп, 1300 жер учаскесі ашылып, жер учаскелерге сұраныс 100 пайызға қамтамасыз етіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: