Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АРАЛ АУДАНЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІБүгін, Арал қаласындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық» тақырыбында аудандық идеологиялық активтің мәжілісі өтті.
Мәжілісті аудан әкімі Абзал Мұхимов ашып, жүргізіп отырды. Актив мәжілісінде «Дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық» тақырыбында Аудан әкімі Абзал Сансызбайұлының баяндама тыңдалды. Және аудандық мешіттің бас имамы Съезбек Евилханұлы - Ислам дінінің рухани және этикалық құндылықтары туралы баяндама жасаса «қазақ тілі» қоғамдық бірлесітігінің Арал ауданы бойынша төрағасы Жұмабай Жақып - Дін мен салт-дәстүрдің өзара байланысы тақырыбында хабарлап өтті. Бұдан өзге де бірқатар баяндамалар мен хабарламалар тыңдалып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Бүгінгі мәжілісте қоғамның басты дертіне айналып отырған діни ахуалдың тұрақсыздығының алдын- алу және халық арасындағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ислам дінімен қатар ала отырып жүзеге асыру сынды мәселелер алға қойылды. Ысырапшылдық пен бәсекелестіктің болдырмау және оны халыққа насихаттау мақсатында өткізілген мәжіліс соңында аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестері және орталық мешіттің аудан халқына үндеуі тыңдалып, бір ауыздан мақұлданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: