Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Оңтүстіктегі мыңдаған отбасы шығысқа көшіріледі

Оңтүстіктегі мыңдаған отбасы шығысқа көшіріледіШығыс Қазақстан облысына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындары көшіріледі. Облыс әкімшілігі оңтүстіктен келетін тұрғындарға арнап электронды картаны да дайындап қойды. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Еліміздің шығысына оңтүстіктен мыңға жуық отбасы көшіріледі деп күтілуде. Мұны басшылар аймақтағы жұмыс күшінің аздығымен түсіндірді.
"Электронды картаның көмегімен тұрғындар Шығыс Қазақстан облысының қай аймағында бос жұмыс орындары бар екенін біле алады. Сондай-ақ, сайтта көшіп келгісі келетін ауылдың суреттері де берілген", - дейді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Айжан Садықова.
Негізінен, оңтүстіктен келетін халықты Риддер және Шемонаиха ауданына орналастыру көзделген. Жергілікті жұмыс берушілер слесарь, аспаз,ас үй қызмкеткерлері мен аула сыпырушыға да зәру екенін айтқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: