Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАҒАН ҮНДЕУІ

ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ  ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАҒАН ҮНДЕУІ

 

Құрметті замандастар! Жас түлек!
Бүгін Біз, жаңа, жарқын өмірге қадам баса отырып, ұлтымыздың ұлы құндылығы – ТӘУЕЛСІЗДІК мағынасына ерекше маңыз беріп, баянды бағымызды барынша қастерлейміз. 
АТА-БАБА АМАНАТЫ – ұлы ҰЛТ БОЛУ, МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ АЙНАЛУ! 
Олай болса, түрі мен талабы күнде өзгерген мына алмағайып заманда жаһандық қауымдастықтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік – Отанымыздың одан әрі өсіп-өркеуіндеуі жолындағы басты ұстаным екенін баршамыз жақсы түсінеміз. 
Тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы Біз – ЖАСТАР, ел егемендігі жолында мынаны мақсат тұтамыз.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫН жүзеге асыруда Қазақстанның ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуына міндетті түрде өз үлесімізді қосамыз.
Бұл жолда – Ұлт табысын еселейтін айқын мақсат – кәсіби білікті игере отырып, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ!
Біз – ЖАСТАР, егемен еліміздің, туған жеріміздің баянды болашағын бүгіннен ойлануымыз керек. Әлемдік теріс дағдылар мен қатерлерге САНАЛЫ БІЛІМ, КӘСІБИ МАМАН, РУХЫ МЫҚТЫ ұрпақ ретінде тойтарыс бере отырып, тәуелсіз елімізді ТЕРЕЗЕСІ ТЕҢ, ТЕГЕУРІНДІ АЛПАУЫТТАР ҚАТАРЫНА ҚОСАТЫН БОЛАМЫЗ. 
Елбасы айқындаған жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау, табысқа жетуде тұтас халқымыздың бәсекелестігін арттыру, жалпыға ортақ білімнің салтанат құруы, тіл үйренуде жаһандық әлемге еркін кірігуді мақсат тұту секілді – ХХІ ҒАСЫРҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚАСИЕТТЕРГЕ ИЕ БОЛА ОТЫРЫП, кіндік қанымыз тамған Алаштың анасы – Сыр елінің бас шаһары – туған қаламыз ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ!
Қадірлі армандастар!
Мен Сіздердің алдарыңызда аға ұрпаққа, көгінде көк туы желбіреген бейбіт заман сыйлаған ата-бабамызға мың алғыс айта отырып, Өз үндеуімізді баршамыздың атынан бүгінгі сәттен 2050 ЖЫЛҒЫ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЙМЫН!
ҚҰРМЕТТІ 2050 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР!
Біздер, Тәуелсіздік туын тіккен аға ұрпақпен бірге, жас Қазақстанды әлем мойындаған дамыған 30 елдің қатарына қосуда бар күш-жігерімізді жұмсай отырып, барлық сын-қатерлерге төтеп береміз! 
КЕЛЕШЕК КӨКЖИЕГІ – КЕМЕЛ БІЛІМДІ бойымызға сіңіре отырып, ел дамуының келесі Стратегиялық эстафетасын Сіздерге табыс ететін боламыз.
Біздер – болашақ білікті мамандар, сәні мен салтанаты жарасқан туған жеріміз – Қызылорданы түлетуге атсалыса отырып, Сіздердің аты алты алашқа мәлім Қызылорданың түлектері болу құрметіне ие болуларыңызға бүгіннен бастап ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛАМЫЗ!
Қызылорда қаласы, 2017 жылғы 25 сәуір
2017 жылғы Қызылорда қаласы бойынша
мектеп бітіруші түлектер

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: