Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" жастары қашан жеңеді?

"Қайсардың" жастары қашан жеңеді?Қосалқы құрамдар арасындағы ел біріншілігінде Қызылорданың «Локомотив» стадионында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдаған «Қайсардың» жастары турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алмады.
«Қайсар д» - «Оқжетпес д» 1:1
Голдар: Зябко, 54-автогол – Куксин, 43-пен.
Төрешінің алғашқы ысқырығы естіле салысымен шабуылға лап қойған Қанат Шерімбетов шәкірттері бірінші минуттан-ақ тізгінді өз қолдарына алды. Алайда алғы шептегі жігіттерге еш сәттілік жетіспеді. Алдымен Жомарт Жұмабаев әуелете асырылған допқа секіргенімен қонақтардың қақпашысы дер кезінде қолын созып үлгерді. Сонымен қатар, Самат Балымбетовтың алыстан шірене тартқан соққысы қақпа маңдайшасынан биік ұшты. Ал үзіліске бір минут қалғанда қонақтар есеп ашып кетті. Доп қорғаушыларымыздың бірінің қолына тиіп, бас төреші Еркін Жантуғанов пенальти белгіледі. Он бір метрден «Оқжетпес» ойыншысы мүлт кеткен жоқ.
Екінші таймда алаң иелері қарқындарын мүлдем күшейтті. Нәтижесінде он минутқа жетер-жетпес уақытта Тұрарбек Қуанышбековтің соққысы көкшетаулық қорғаушының аяғынан серпіліп, қақпада тулап жатты. Бұдан кейін де «Қайсар» жастары қонақтардың айып алаңын торуылдағанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Қорытынды есеп – 1:1.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: