Қазақстандық спортшы 17 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық спортшы 17 секундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, ONE FC чемпионы атанды. Бұл жөнінде Қазспорт телеарнасы хабарлады.
Сингапурде өткен «Battle Of Lions» турнирінде қазақстандық файтер Игорь Свирид орта салмақта бес раундтық жекпе-жек өткізді. Бұл жарысты ONE FC проумоутерлік компаниясы ұйымдастырды.
Ол қарсыласы бразилиялық Леандро Атаидесті 17 секундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеті.
Айта кетейік, бразилиялық файтер осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіспен аяқтаған еді.