Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Абердин" командасы жайлы не білеміз?

"Қайрат" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның "Абердин" командасымен 30 шілде мен 6 тамыз күндері кездесетін болды. Біз олар жайында не білеміз?
"Абердин" клубы Шотландияның Абердин қаласының намысын қорғайды. 1903 жылы жергілікті «Абердин», «Виктория Юнайтед» және «Орион» өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған. Команда өз ойындарын 1899 жылы салынған «Питтодри» стадионында өткізеді. Стадион  22 мың жанкүйерге арналған. "Абердин" жейдесінің негізгі түстері қызыл және ақ түсті болып келеді. Жанкүйерлер оларға "Донс"  және "Қызылдар" деп лақап ат қойып алған.  
Жетістіктері
Шотландия футбол лигасы:
Чемпион (4): 1954-55, 1979-80, 1983-84, 1984-85
Күміс жүлдегер (14): 1910-11, 1936-37, 1955-56, 1970-71, 1971-72, 1977-78, 1980-81, 1981-82, 1988-89, 1989-90, 1990-91, 1992-93, 1993-94, 2014-15
Шотландия кубогы:
Жеңімпаз (7): 1946-47, 1969-70, 1981-82, 1982-83, 1983-84, 1985-86, 1989-90
Финалисі (8): 1936-37, 1952-53, 1953-54, 1958-59, 1966-67, 1977-78, 1992-93, 1999-00
Шотландия лигасының кубогы
Жеңімпаз (6): 1955-56, 1976-77, 1985-86, 1989-90, 1995-96 , 2013-2014
Финалисі (7): 1946-47, 1978-79, 1979-80, 1987-88, 1988-89, 1992-93, 1999-00
 УЕФА кубок иелерінің кубогы:
Жеңімпаз (1): 1982-83
УЕФА Суперкубогы :
Жеңімпаз (1) : 1983.
"Абердин" соңғы екі маусымнан бері Еуропа лигасына тұрақты түрде қатысып келеді. 2014-2015 жылдарда алдымен Латвияның "Даугава" командасын (3:0, 5:0), Голландияның "Гронинген" (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды. Үшінші іріктеу кезеңінде Испанияның "Реал Сосьедадынан" 2:3, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал биылғы 2015-2016 жылдардағы футбол маусымының алғашқы іріктеу кезеңінде Македонияның "Шкендиясымен" өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнады. Македон жерінде 1:1 есебі тіркелді. Сырт алаңда соғылған голдың есебінен "Абердин" жарысты жалғастырды. Екінші іріктеу кезеңінде де шотланд футболшылары өз алаңында Хорватияның "Риека" клубымен тең түсті, есеп 2:2. Дегенмен, олар сырт алаңда жоғары деңгейде ойын өткізді. "Риека" қақпасына жауапсыз 3 доп соқты. 
Енді, міне, жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде "Қайратпен" жолығып отыр. Кім мықты? Оны 6 тамызда білетін боламыз. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: