Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары "Оқжетпесті" оңай жеңді

"Қайсар" жастары "Оқжетпесті" оңай жеңдіКәсіпқой футбол лигасының 6-туры аясында көкшетаулық «Оқжетпестің» жастарын қабылдаған «Қайсардың» қосалқы командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
«Қайсар-д» (Кызылорда) – «Окжетпес-д» (Көкшетау) 2:0
Голдар: Оңғарбаев, 3. Нарзилдаев, 21.
Стадионның дикторы команда құрамымен таныстырып үлгерген жоқ, ал қонақтар қақпасында алғашқы доп тулап жатты. Әріптесінен әдемі пас алып, қақпашымен жеке-дара шыққан Абылайхан Оңғарбаев болатын. Жылдам гол соғып алғаннан кейін де алаң иелері тыным тапқан жоқ. Сәт сайын қонақтар қақпасын нысанаға алып, Владислав Фролов қорғаған қақпаға қауіп төндірумен болды. Сондай сәттердің бірінде Думан Нәрзілдаев қорғаушылардың құрығынан сытылып шығып, қақпашымен бетпе-бет келді де есепті 2:0-ге жеткізді.
Бірінші тайм аяқталам дегенше қарсылас қақпасына үшінші гол соғып үлгергенбіз. Өкінішке қарай, ойыншымыз ойыннан тыс қалып қойып, Жандос Қартбайдың голы есепке алынбады. Бұдан бөлек те, есепті еселейтін мүмкіндіктер болған. Алайда Ерболат Серік пен Тұрарбек Қуанышбековтің соққылары қақпадан жоғары кетіп жатты.
Бірінші таймды толығымен өз пайдаларына шешкен қызылордалықтар үзілістен кейін де қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Оңғарбаев пен Нәрзілдаев шабуылда қонақтардың қорғаушыларын әбден әбігерге салса, капитан Қуанышбеков нысананы алыстан көздеумен болды. Дегенмен, жанкүйерлер бұдан басқа гол көре алған жоқ. Қорытынды есеп – 2:0, «Қайсар» жастары КФЛ кубогындағы қол жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: