Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ФИФА РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 83-ОРЫНДА ТҰР

 

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) ресми сайтында  бүгін жарияланған рейтингінде Қазақстан Ұлттық құрамасы 13 орынға көтеріліп, 83-орынға жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
Рейтинг жаңартылған уақыт аралығында Қазақстан құрамасы Астанада Польша футболшыларын қабылдап, 2:2 есебімен тең түскен еді.  
Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен бір топта сынға түсетін қарсыластарының барлығы қыркүйек айында жарияланған рейтингте көрсеткіштерін нашарлатып алды. Польша құрамасы бір сатыға төмендесе, Румыния 7 сатыға кейін шегерілді. Дания футболшылары екі сатыға түссе, Черногория мен Армения құрамалары әлемдік рейтингте 10 орыннан кейін сырғыды. Олардың қазіргі көрсеткіштері: Польша - 17, Румыния - 32, Дания - 46, Черногория - 105, Армения - 112.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: