Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сарман кесенесі

Кесене Сарман батырға арналып тұрғызылған. Батыр руы кіші жүз Сарықасқа, қоқандарға қарсы ұлт-азаттық соғыстарға қатысқан. Кесене қам кесектен салынған, жоспары шаршы келген, бетшелі-күмбезді құрылыс. 
Бас қаспеті оңтүстікке қаратылған. Қалған қасбеттерінің бұрыштары мен ортасында шағын мұнаралар бар. Кесененің ішкі-сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Жерлеу камерасының ішкі жоспары тікбұрышты. Батыс және шығыс қабырғаларында сүйір келген қуысы бар. Күмбезінің конус пішінді шар тәрізді, ол шеңберлі барабанға бекітілген. Порталдың ортасында оның жоғары биіктігіне дейін жететін терең жебе тәрізді қуыс қалдырылған. Оның ішінде кесенеге кіретін полуциркульді аркалы, оңтүстікке қаратылған есік орналасқан. Күмбездің төбесінде ішкі жарық түсу үшін арнайы бір тесік қалдырылған. Төрт бұрышына жоғарғы жағы сүйірленіп кететін төрт бағана (гульдаста) тұрғызылған. Кесене ішінде екі қабір жатыр. Ішкі бетінде, батыс және солтүстік жақ беттерінде жебе тәрізді қуыс-тесіктер қалдырылған. Тікбұрышты жоспардан, біртіндеп қаланған кесек күмбезге айналады. Жалпы кесененің көлемі 8,3х7,3 метр, сақталған биіктігі 4,6 метр.
Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Бәйбіше - Сарқасқа руының атақты батыры Сарман 1771 жылы Жаңадария өзені бойында туып, Аққыр тауы маңындағы «Қаракөл» деген жерде 1843 жылы қайтыс болған. Ол ХІХ ғасырда Бұқарбай, Сейіл, Тоғанас батырлармен бірге Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен тарихи тұлға. ХІХ ғасырдың 40-шы жылдардың басында Қоқан бектері Сарманның үзеңгісіне у жағып, қастандықпен өлтіреді. Ел аузында Сарман батыр туралы аңыз-әңгімелер көптеп саналады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: