Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Шойбас батыр кесенесі

Шойбас батыр кесенесі Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылынан оңтүстікке қарай 11,7 шақырымда орналасқан.
Ескерткіш бетше босағасы бар кесене болып табылады, жоспарында тікбұрыш пішінді, бұрыштарымен жарық жақтарына бағдарланған, шитті кірпіштен құрылған (31-34 х 24-26 х 6,5-8 см). Кесененің жалпы биіктігі 4,6 м. ол көтеріңкі жерде орналасып тұр, айналасында жерлеулер мен мазарлар байқалады. Кесененің негізгі көлемінің өлшемдері 8,1 х 7,6 м, қабырғалардың биіктігі 2,15, қалыңдығы 0,7-0,8 м. Бұрыштарында үшширекті мұнаралар орнатылған, қазіргі кезде олар қатты бұзылған, бірақ кесененің бұрыштары негізгі қабырғалардан 0,2 м биіктікте тұр. Негізгі көлем қалаудың құлап түсу нәтижесінде пайда болған барабандағы күмбезбен жабылған. Қабырғалар шаршысынан доғал күмбезге өтуі кесене бұрыштарынан қалаудың құлап түсуімен, яғни, желкендермен жүзеге асады. Күмбездің сыртқы жағынан сексеуіл бұтақтары шығып тұр, бұлар – құрылыс ормандарының қалдықтары. Күмбездің біраз бөлігі кесененің ішіне құлады. Күмбез асты барабанның биіктігі 1,3 м. Күмбез кейбір жерлерінде 1 м биіктікте сақталған.
Сүйір кіріс оңтүстік-батыс қабырғада орнатылған, кіріс аздап батыс бұрышқа жылжыған, оның биіктігі 1,4 м, ені 0,56 м. Кіріс алдындағы бетше босаға қатты қираған, оның сол жағы ғана сақталды, оң жағы опарылды. Оның ені 2 м, қабырғадан 0,43 м-ге шығып тұр, 3,2 м-ге сақталды. Ұстын бұрыштан 1,62 м-ге шығып тұр.
Кесене қабырғалары ішінен күмбез негізіне дейін балшықпен сылақтанды. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларының ортасында сүйір текшелер байқалады. 1-текше кірістің сол жағында, еденнен 0,25 м биіктікте орналасқан, оның ені 0,6 м, биіктігі 1,07 м, тереңдігі 0,2 м. 2-текше кірістің оң жағында, еденнен 0,3 м биіктікте орналасқан, оның ені 0,6 м, биіктігі 1 м, тереңдігі 0,24 м. Жерлеулер байқалмайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: