Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Еркебай кесенесі 

Еркебай кесенесі Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33,5 шақырым жерде орналасқан. Ол Шірік-Рабат қалашығынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде жатыр. 
Кесене өлшемі (30х15х10 см, 23х15х6 см)  болатын кесектерден қаланған. Биіктігі 2 м, бұрыштарымен дүниенің төрт тарабына бағытталған. Бетше құрылыстың толық көлемімен сәйкес болып жасалған, биіктігі 1,30 м. Ішкі бөлменің өлшемі 4х4 м, қабырғалардың биіктігі 1,3 м. Бөлменің ортасында қабір орналасқан. Кесене толығымен сылақпен сыланған, күмбезі және бетшесінің бір бөлігі қирап қалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: