Бүгін – 27 қарашада болған ел өміріндегі елеулі оқиғалар аз емес. Тарихта дәл осы күні бірқатар оқиғалар орын алып, есімі халыққа белгілі азаматтар дүниеге келіп, өмірден өткен.
Мейрамдар
1995 – Ресейдің теңіз әскері мерекесі
1996 – Ресейдің мүлікті бағалаушылар күні
Оқиғалар
1806 – Француз императоры Наполеон І Берлин декретін қабылдап, Ұлыбританияға континентік құрсау салынатынын мәлімдеді.
1807 – Француз армиясы Португалия астанасы – Лиссабон қаласын басып алды.
1885 – Ағып келе жатқан метеорит алғаш рет суретке түсірілді.
1919 – Ақмола ақгвардияшылардан босатылып, қалада Кеңес үкіметі қайтадан орнады.
1941 – Маршал С.Тимошенко бастаған кеңестік әскерлер қарсы шабуылмен шығып, немістерді Дондағы Ростов қаласын тастап шығуға мәжбүр етті.
1958 – КСРО басшылығы Берлиннен барлық елдердің әскерлерін алып шығу, оны "еркін қала" деп атау жөнінде ұсыныс жасады.
1963 – Алматы қаласында Мұхтар Әуезовтің музей-үйі ашылды
1979 – 47 жастағы Михаил Горбачев СОКП орталық комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат болып сайланды.
1991 – КСРО республикалары арасындағы жаңа одақтық шарттың жобасы баспасөзде жарияланды.
1992 – Алматы облысының Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды.
1992 – Алматы облысының Жамбыл ауданында Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды.
Дүниеге келгендер:
1701 – Андерс Цельсий, швед астрономы, физик;
1950 – Жұмабек Пұсырманов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы Сарапшылар кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі;
1962 –Бақытжан Бармағамбетов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының орынбасары;
Өмірден өткендер
511 – Хлодвиг I, Франк мемлекетін құрушы.
1895 – Александр Дюма сын (1824-1892), француз жазушысы және драматургі.
1944 – Леонид Исаакович Мандельштам (1879-1944), физик.