Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сақ мәдениетінің ескерткіші

Баланды ІІ күмбезді кесенесі Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстікке қарай 70 шақырымда орналасқан. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
Баланды ІІ күмбезді кесенесі сақ мәдениетінің ескерткіші. Қазақстанда сақтар мәдениеті қоғамның таңдаулы адамдар мен патшаларға тән жерлеу ескерткіштері – обалар негізінде ғана зерттеліп келді. Сақтар көшпенді халық болды деген пікір ұзақ бойы басым болып келді. Зерттеу барысында мал шаруашылығымен қатар олар үшін отырықшылық пен егіншіліктің де қалыпты өмір салты болғаны анықталды. Осы орайда Сыр өңірін мекендеген сақтарда отырықшы мәдениетті қалыптастырған. Қалашықтар мен ғимараттар салған. Солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіші Баланды күмбезді кесенесі Қазақстан бойынша баламасы жоқ тарихи нысан және ежелгі дәуірдегі Орта Азияның сәулет өнерінде күмбезбен жабылған алғашқы құрылыс. Кесененің ғұрыптық маңызы болғандықтан ғибадатхана болғаны байқалады. Мұнда жерлеу рәсімдерімен қоса, құдайға табынушылықтың арнайы салт-жоралғылар өткізген. Осындай күмбезді құрылыстар Орта Азия мен Қазақстанда кешегі күнге дейін болған. Қазіргі күмбездердің барлық элементтері Баланды 2 кездеседі. Әйгілі Рим империясында күмбезді құрылыстар б.з.д. І ғасырда пайда болса, Баланды кесенесін б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ. Рим империясының пайда болуына дейін екі-үш ғасыр бұрын апасиак сақтары салған.
Баланды ІІ (Бұланды) жерлеу құрылысы дөңгелек болып келеді, диаметрі шамамен 16 м. Кесене қабырғалары қазіргі тақырлар деңгейінен 4,5 м биіктікте орналасқан. Құрылысқа кіретін есігі оның оңтүстік бөлігінде орналасқан және аркалы қуысы бар портал ретінде безендірілген. Дәл осындай қуыстар ішінде орналасқан жеке камераларды бір-бірімен жалғастырады. Ғимараттың орталық бөлігінде диаметрі 5,5м күмбезбен жабылған және оның шыңы қираған дөңгелек бөлме орналасқан. Кесенеге 2012 жылы «Қазқайтажаңарту» мекемесі реставрациялық жұмыстарын жүргізді.
Ескерткіш бүгінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енген.
Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы берілген арнайы сайтта (www.virtualmap.xyz) нысан туралы толық ақпарат бар.
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: