» » АНА СҮТІНІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ

АНА СҮТІНІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ

Айдар: Денсаулық, Сонғы жаңалықтар

 

Голландиялық ғалымдар Erasmus медициналық орталығында жүргізген зерттеулерінің нәтижесін жариялаған деп жазады anabol.kz
Олар 5000-нан астам баланы зерттеген. Зерттеу нәтижесінде ана сүтін емген балаларға қарағанда, ана сүтін ембеген балалардың демікпемен ауыру қаупі 50% жоғары екенін байқаған.
Ана сүтінен айырылған балалар сондай-ақ өмірінің алғашқы төрт жылында тыныс алуы қиындап және құрғақ жөтелден зардап шегуі ықтимал болып табылады. Ал туғаннан кейін төрт ай ана сүтін емген баланың демікпемен ауру қаупі айтарлықтай төмен. Егер ана сүтіне қосымша қоспалар қосқан жағдайда демікпемен ауру қаупі қайтадан көтерілуі мүмкін.
Ғалымдар ана сүті өкпеге әсер ететін суық тию және вирустық инфекциялардың санын азайту арқылы демікпе қаупін азайту мүмкін деп санайды. Ғылым бұған дейін емізу нәрестенің алғашқы алты айында түрлі инфекциялық аурулардан қорғайтынын дәлелдеген болатын.
Және бұрын, ғалымдар ана сүті балалық шақтағы семіздік қаупін төмендетеді деп тапты. Тіпті, емшек еміп өскен бала ақылды және тілалғыш болып келеді, бірақ кейбір ғалымдар осындай мәлімдемеге дәлелдер жеткіліксіз деп санайды.