» » ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТУДЕ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

 

Аймақта үстіміздегі жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы өтуде.
 
Шығармашылық топ өкілдері өздерінің жұмыстарын Қорқыт ата кешенінде бастап, одан әрі Қаратау жоталарында және Қызылорда қаласында жалғастырды. Симпозиумға қатысушы суретшілер Ұлы даланың қанық бояуларын танытып, Сырдың көрікті келбетін ашып, қазақ халқының өрлігін сездіре білді. Еліміздің әр өңірінен келген өнер тұлғалары бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындыларымен бөлісе отырып, өзара мәдени байланыс жасап, тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады. 
Республикалық суретшілер симпозиумының қорытындысымен көркемсурет галереясында 3 мамыр күні көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТУДЕ

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТУДЕ

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТУДЕ