Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Облыста алғаш рет толық метраждағы фильмі түсірілді

Облыста алғаш рет «Bolashak bridge» толық метраждағы фильмі түсіріліп, көрермен назарына ұсынылды. Студенттер өмірінен сыр шертетін туындыны «Болашақ» университетінің тапсырысымен «Aslan films» студиясы таспалады. 
Аталмыш университет 2009 жылдан бері «Болашақ аялдамасы» атты сериал түсіріп келеді. Бұл жолғы кино туындының атауы да, шығармашылық тобы да өзгеше. Яғни, қазақша баламасы «Болашақ көпірі» деп аталады. 
- Үш достың университет қабырғасында өткізген қиыншылықтары мен қызықты оқиғаларына құралған фильм алғашқы күндерден ақ көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Алдағы уақытта да университетіміздің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетовтың қолдауымен өз көрермендерімізді тың дүниелермен қуантамыз. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн», деген болатын. Бұл бағытта да жұмыс жасау жоспарда бар, - деді «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков.
Киноға университеттің ұстаздары мен студенттері арасында кастинг өткізіп, актерларды таңдаған. – Біз осыған дейін төрт қысқа метражды фильм, клиптер түсірдік. Уақыт өткен сайын тәжірибе жинақтап келеміз. Әрине, барлығы кәсіби актер болмағасын түсірілім барысында аздаған қиыншылықтар болды. Бірақ ұстаздар мен студенттердің талпынысы бізді қуантты. Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Жақсы сценарийлік жұмыстар болса біз қабылдауға дайынбыз. Өткен жылы «Аслан» балалар студиясын аштық. Мақсатымыз таланттарды іріктеу, дәріс беріп, актерлық мамандыққа бейімдеу. Бұйыртса, өз киноларымызда ойнайтын болады, - «Aslan films» студиясының директоры Жасұлан Алдабергенов.
«Bolashak bridge» толық метраждағы фильмі әлеуметтік желісіне салынды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: