» » ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ "СЫР ШЕЖІРЕСІ" КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ "СЫР ШЕЖІРЕСІ" КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Айдар: Мәдениет, Сонғы жаңалықтар
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ "СЫР ШЕЖІРЕСІ"  КӨРМЕСІ ӨТУДЕЭтноауылда Қызылорда облысы өнерпаздарының, оның ішінде жыршы-термешілер, дәстүрлі орындаушылар мен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті ұйымдастырылды. 
Көрмеге зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдар, Сыр сұлулары киген киім үлгісі, ХІХ ғасырдан бізге жеткен ағаштан ойылып жасалған кесеқап және т.б. жәдігерлер қойылды. Айта кетейік, көрме 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оған Қызылорда облысынан 25 қолөнер шебері қатысуда. Сонымен қатар шеберлер сүйек өнімдерін өңдеу, тоқыма тоқу және зергерлік бұйымдар жасау өнері бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастыруда.