» » «ЕРЕКШЕ БИ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«ЕРЕКШЕ БИ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар
Қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметпен етене араласып, белсенді өмір сүруі, олардың қызығушылық пен қажеттілігін ескере отырып, ортақ құндылықтарға тарту артып келеді.
Оларға қолдау көрсету, демеу, жігерлендіру мақсатында "Алекс" би мектебінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінің төрағасы Асқар Махамбетов арбадағы спорттық би түрімен айналысатын жандарға үш би арбаны сыйға берді.
«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының және облыстық Паралимпиялық комитеті қоғамдық бірлестігінің қолдауыменн «Ерекше би» жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі спортшы жастар ортаға шығып, арбамен әдемі би өнерін көрсетті.
Жалпы Паралимпиялық комитетте 11 спорт түрімен (жеңіл атлетика, баскетбол, шағын-футбол, жағажай волейболы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, пауэрлифтинг, парадзюдо, арбадағы би) 300-ге жуық спортшылар шұғылданады.
Былтырғы жылы 16 спортшы спорттық атақтарды иеленді. Оның 1-і ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6-уы ҚР спорт шебері, 9-ы спорт шеберіне үміткер нормативтерін орындады. Сондай-ақ, олар облыстық, республикалық, халықаралық және Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларда жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді