» » СЫРДЫҢ ТӨРІНДЕ ӘН ТЕРБЕТКЕН ШИЕЛІМ

СЫРДЫҢ ТӨРІНДЕ ӘН ТЕРБЕТКЕН ШИЕЛІМ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
Бүгін, 27 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қаламыздың 200 жылдық мерейтойы аясында Шиелі ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті және Ы.Жақаев көшесінде орналасқан қайта жаңғыртылған "Еңбек аллеясының" ашылу салтанаты болып өтті. "Еңбек аллеясы" деген жазу жаңартылып, аллея аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары жаңғыртылды.