Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АРАЛДАҒЫ КӨШЕЛЕР СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАДЫ

АРАЛДАҒЫ КӨШЕЛЕР СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАДЫБүгін Арал ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі А.Мұхиов, аудандық мәслихаттың депутатары, дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессия күн тәртібінде Арал қаласының көшелерін және тұйығын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен атау туралы мәселе қаралды. Бұрынғы Шоқан Уәлиханов тұйығы - Ұлы Отан соғысы ардагері Дабыл Сахиевтың, Михаил Кутузов көшесі - Ұлы Отан соғысы ардагері Махамбетали Жарымбетовтың, Валерий Комаров көшесі - Ұлы Отан соғысы ардагері Қармен Оразалиевтың есімімен атау туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге күн тәртібіне қойылған бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде депутатар дауыс беріп, шешім қабылдады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: