» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Жергілікті жұртшылық Қызылорда қаласында жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысының қарқынды жүзеге асып жатқанын жақсы біледі. Мұндай игілікті істер соңғы бес жылдың көлемінде өз деңгейінде жүзеге асып келеді.
Мәселен, 2013 жылы жалпы ауданы 39,1 мың шаршы метрді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй 454 пәтер пайдалануға берілсе, 2014 жылы жалпы ауданы 29,4 мың шаршы метрді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй 330 пәтер ел игілігіне айналды. Ал 2015 жылы жалпы ауданы 139,1 мың шаршы метрді құрайтын 36 көпқабатты тұрғын үй 1940 пәтер, 2016 жылы жалпы ауданы 123,9 мың шаршы метрді құрайтын 36 көпқабатты тұрғын үй 1864 пәтер, 2017 жылы жалпы ауданы 230,0 мың шаршы метрді құрайтын 2991 пәтерлі 61 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жалпы ауданы
123,3 мың шаршы метрді құрайтын 1777 пәтермен 33 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.