» » ВЬЕТНАМ ТҰРҒЫНЫНЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 18 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ҚАЙШЫ АЛЫНДЫ

ВЬЕТНАМ ТҰРҒЫНЫНЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 18 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ҚАЙШЫ АЛЫНДЫ

Айдар: Сонғы жаңалықтар, Әлем

ВЬЕТНАМ ТҰРҒЫНЫНЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 18 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ҚАЙШЫ АЛЫНДЫ

 

Вьетнамда тұратын Ма Ван Нят атты 54 жасар азаматқа 1998 жылы болған автомобиль апатынан соң асқазанына операция жасалған, деп жазады ҚазАқпарат
Арада тек 20 жылға жуық уақыт өткен соң Ван Нятаның іші ауырып, ауруханаға келген. Сол кезде барып, дәрігерлер оның асқазанынан 15 сантиметрлік қайшыны көрген. Оны операция жасаған салақ дәрігер тоқ ішектің жанына қалдырып кеткен, деп жазады лайф.ру. 
Қайшыны алып тастау үшін дәрігерлерге 3 сағат қажет болды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, екінші қайтара жасалған операция ер азаматтың денсаулығына аса ауырлық түсірмеген және ол осы күнде сауығып келеді. Бұл жағдай қоғам арасында үлкен резонанс тудырды. Құқық қорғау органының қызметкерлері қазір сол кездегі операцияны жасаған маманды іздестіріп жатыр.