Бірер ай бұрын танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің «Менің екінші кітабым» атты кітабын шығарған болатын, деп жазады reactor.inform.kz.
Кітап кең сұранысқа ие болған еді. Одан бері біраз уақыт өтсе де, күні кеше белгілі жазушы Дидар Амантай желідегі парақшасында автор мен кітапқа қатысты пікірін білдіріпті.
«Біз "Тәңірдің кітабы", "Борхестің кітабы" деп жүргенде, Ләйлә Сұлтанқызы "Менің екінші кітабым" деген өз кітабын жазып та тастады, жазбақ түгілі жарыққа шығарып та тастады.
Оқырмандары - "мен сені телевизордан көргенмін" деген қалың аудитория.
Телевизордан көрмегенде, кітап өтпейтін еді... Екі кітап жазғанын білеміз, бірақ бір кітап оқыды ма екен?»-дейді қаламгер.