АТЫШУЛЫ ПРОДЮСЕР БАЯН МЕН МӨЛДІРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ДАУ НЕМЕН АЯҚТАЛДЫ?
Осыдан біраз уақыт бұрын Баян Мақсатқызы мен Мөлдір Әуелбекованың арасындағы туындаған дау өз шешімін тапты. Продюсер өзінің шәкіртіне ренжімейтінін, тек продюсерлердің ешқашан әншілердің пікірімен жүрмегенін ашып айтты деп хабарлайды «31» арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Мөлдір мені бірнәрсеге үйретті. Бағым екеуміз соның ыңғайына қарай жұмыс істеді деудің өзі күлкілі. Ақылға сыймайтын ақымақтық. Топ репертуары ешқашан да әншінің ыңғайына қарап таңдалмаған, қашанда барлығын тек продюсерлер таңдайтын.
Келісім-шартқа отырсаң, талапты орындауға міндеттісің. Бұл менің ережем, бұл менің тобым. Сондықтан олар бірінші кезекте менің қалауымды орындайды. Ұнамаса, кете берулеріне болады”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Өз кезегінде Мақсатқызы Мөлдірге деген көзқарасының жаман емес екенін айтты.
«Мөлдірдің продюсерлікке бет бұрғанына қуаныштымын. Оған сәттілік тілеймін. Ол топты басқарудың қаншалықты қиын екенін енді түсінетін болады. Оған беретін кеңесім, топтағы әр қыздың пікірін сұрамау. Егер олай жасаса, арты құлдырауға алып келеді», – дейді Алагөзова.