Facebook WhatsApp Instagram

0

"ЖЛӨМӘНӘ"-НЫҢ ЖЫРЫ ТАУСЫЛДЫ МА? МС САЙЛАУБЕК ҚАЙДА ҚАЗІР?


Осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желідегі келемеж арқылы қазақ интернеті алаңында кеңінен тарап, керек десеңіз жұлдызға айналған МС Сайлаубек есімі дүр еді. Бұл жөнінде
reactor.inform.kz жазды.
Эфирлерді қоссаңыз, радио, басылым, БАҚ беттерінде көзілдірік киген келеңсіз нобайлы псевдо әнші туралы ақпарат ағыл тегіл еді. Енді міне, уақыт өтті, үні өшті жұлдыздың.
Әуелде елдің дені оны қайтадан ішімдікке салынып кетті деп жазған-ды. Кәсіп қылып ашқан дүкені жабылды, ол түскен кинолар қаражат жетіспеуілігінен тоқтап қалды.
Қазіргі таңда интернеттің экс-жұлдызы ақпарат алаңынан кетсе де "өнерден" кетпеген екен. Тиматимен тіресіп, түсінікті сөзге түкірген рэпер әлі де той-бизнестің төрінде екен. Өзі алматының шетінде екі қабат котедж үйдің ішінде тұрады. Әпкесімен бірге. Қазір бауырымен бірге қосылып дует жасаған деген қауесет бар.
Өзінің пайымынша ол ішімдіктен үзілді-кесілді бас тартқан екен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: