Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚАЙРАТ НҰРТАС: МЕН БАЛГЕРЛЕРГЕ СЕНБЕЙМІН, ТЕК ҚҰРАНМЕН ДЕМ САЛДЫРЫП ТҰРАМ

ҚАЙРАТ НҰРТАС: МЕН БАЛГЕРЛЕРГЕ СЕНБЕЙМІН, ТЕК ҚҰРАНМЕН ДЕМ САЛДЫРЫП ТҰРАМЖақында бағдарламада сұхбат беріп жатқан белгілі әнші Қайрат Нұртасқа тосыннан: «Сіз бақсы-балгерлерге сенесіз бе?» деген сұрақ қойылды. Бұл туралы«Жетінші» арнаның «Гу-гу гәп» бағдарламасында айтылды,- деп жазады stan.kz.
Қайрат Нұртас бұл сұраққа еш ойланбастан, балгерлерге сенбейтінін, тек Аллаға сеніп, Құран сүрелерімен дем салдыратынын айтты.
Оған Қайрат былай деп жауап берді: «Мен балгерлерге сенбеймін. Жолыңды ашамын, жоғалтқан затыңды тауып берем дегендерінің бәрі өтірік. Мен бір Аллаға ғана сенемін. Қари, Құранды жақсы білетін кісілерге барып, Құранмен дем салдырып, емделіп тұрамын».
Қайраттың бақсы-балгерлерге сенбейтінін оның анасы да растады. Жалпы, қазір бал ашатын, жол ашатын, жоғалтқан затыңды табуға көмектесетін тәуіпсымақтардың көбейген заманы ғой. Балгерге бару – үлкен күнә. Бұл дегеніміз, тағдырға разы болмай, Алла Тағала серік қосу. Осы тұста, Қайрат Нұртас өз замандастарына осы жағынан үлгі болады деген үміттеміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: