АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЙМӘЛІМ ҰШАТЫН НЫСАНДЫ БАЙҚАҒАН
Астаналық журналист «Асыл тас» («Изумрудный квартал») кешеніндегі екінші биік ғимараттың төбесінен белгісіз ұшатын нысанды байқап, суретке түсіріп алған.
Бұл кешкі сағат сегіздер шамасында болыпты. Журналист Гүлмира Сарбасова түсіріп алған суретін Фейсбуктегі парақшасына салды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Журналист бұл белгісіз нысаннан шашылған сәуленің түрлі-түсті болғанын және әртүрлі боп құбылып тұрғанын айтады. «Бір таң қалғаным, айналамдағылардың ешқайсысы оған қызығушылық танытпады. Олар мұны тіпті көрмегендей кейіпте болды» дейді Гүлмира Сарбасова.