ТҰРҒЫНДАР ЖЕТІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРГЕН БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП АЛДЫ (ВИДЕО)
Томск тұрғындары жетінші қабаттан секіруге мәжбүр болған баланы баннермен қағып алды деп жазды reactor.inform.kz.
Пәтер мен балкон өртенгенде тоғыз жастағы балаға сыртқа секіруден басқа амал қалмаған.
Тұрғындар жетінші қабаттан секірген баланы баннермен «қағып» алды — Фото
Оқиға кеше орын алған. Куәгерлер өртеніп жатқан балконда бала тұрғанын байқайды. Дереу жарнама баннерін жұлып алып, жайып жіберген. Секіріп түскен бала қазір дәрігерлердің қарауында. Есін біледі. Орта деңгейдегі жарақат алған.