Facebook WhatsApp Instagram

0

БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР


Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Белкөл кентіндегі жол жөндеу жұмыстарына назар аударды. Кенттегі Т.Әбуов және Зеленая көшелерінің жалпы ұзындығы бір шақырымнан астам. Мердігер мекеме «БестСтройГруп»ЖШС директоры Ержан Кенжеев екі көшені күрделі жөндеу 20 тамызға дейін аяқталатынын жеткізді.
Оның жалпы құны 31 млн.теңгені құрайды.
Қала әкімі тұрғындар облыс орталығындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаралған 1 млрд. 584 млн теңгеге 13 жоба бойынша 17 шақырым ауыз су және кәріз су құбырларын жаңғырту жүргізілуде.
– Қаламызда жылу желілерін жаңарту қарқынды жүргізілуде. Соңғы 5 жылда облыс орталығындағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы, күрделі жөндеуден өткізуге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Сол арқылы 8 жоба бойынша жылу құбырларына жаңғырту жүргізіліп жатыр, - деді қала әкімі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: