АҚБОТА СЕЙТМАҒАМБЕТ ӨЗІН АЙЫПТАҒАНДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ
«КешYou» тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығатынын, сол себепті топ құрамынан кеткелі жүргенін жария еткеннен кейін басы үлкен дауға қалған еді, деп жазады reactor.inform.kz.
Жұртшылық оны актер Дәурен Айдарқұловтың отбасын бұзды деп айыптап, ит терісін басына қаптаған болатын. Оған себеп Дәурен Айдарқұловтың ақ некелі жарының Ақботаны айыптаған сыңайда жазған жазбалары себеп болған-ды.
Ал, Ақбота мен Дәурен жақында жарық көрген «Гламур для дур» фильмінде ғашықтардың рөлін сомдаған. Топ продюсері Баян Мақсатқызы Ақботаның өз сүйіктісін дәл осы фильмнің түсірілім алаңында жолықтырғанын да хабарлаған.
Күні бүгінге дейін әнші бұл айғай-шу мен айыптаулардың бәріне ләм-мим деп жауап қатпаған-ды. Шыдамы шегіне жетті ме, әлде әбден ашуына тиді ме, әйтеуір бүгін осы даудың нүктесін қоюға бел буыпты. Әншінің instagram желісіндегі жеке парақшасына қалдырған жазбасын назарларыңызға ұсынамыз:
«Қайырлы күн достар! Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр. Иә, Ержан мен Әли, Даурен мен ... Бәрімен қосып шықтыңыздар. Енді сіздерге айтарым, Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Менің Дәурен Айдарқұловпен ешқандай қарым-қатынасым жоқ. «Кинода да маxаббат,өмірде де маxаббат болып кетіпті» дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар! Менің тұрмысқа шығатын болашақ жарым мүлде өнер адамы емес.
Ал Даурен Айдарқұловқа келетін болсақ, отбасылық жағдайын өздері шешсін. Тек мені араластырмауларын сұраймын. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Білемін мені қанша қарғадыңыздар, жек көріп кеттіңіздер, ластадыңыздар, түрлі-түрлі жүрекке тиер сөздер айттыңыздар. Мен бәрін түсінемін. Алла қаласа келесі жылы той!
Әркім өз отбасымен бақытты болсын. Өздерінің лас тірліктеріне мені қоспасын. Егерде бақытты отбасы болса, осыншама айқай-шу шығарып, елді дүр сілкіндірмес еді. Не дейін енді бақытты болыңыздар!»