Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ


Соңғы бес жылда Қызылорда қаласында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар көпшілік көңілінен шығады. Соның нәтижесінде облыс орталығында бұрыннан қордаланып келе жатқан көптеген істер жүзеге асты.
2013 жыл республикалық және жергілікті бюджеттен жол инфрақұрылымын дамытуға 5 млрд. 412 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 3 көшеге қайта жаңғырту, 1 көшеге күрделі және 74 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы 94,4 шақырым. Осының нәтижесінде барлығы 78 көше жаңғыртылды.
2014 жыл бұл мақсатта облыстық және қалалық бюджеттен 4 млрд. 572 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2 көшеге жол құрылысы, 8 көшеге қайта жаңғырту, 2 көшеге күрделі және 85 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы 84 шақырымды құрайтын 97 көше болып табылады. Сонымен қатар, қалалық бюджеттен бөлінген 98,8 млн. теңгеге 26 300 шаршы метрді құрайтын 46 көше ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Мұндай жұмыстар 2015 жылы да жалғасын тапты. Атап айтқанда, облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 752,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 53 шақырымды құрайтын барлығы 87 көше талапқа сай келтірілді. Оның ішінде 2 көшеге (4,8 км) қайта жаңғырту, 23 көшеге (19,5 км) орташа жөндеу және 62 көшеге (28,7 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал 2016 жыл ҚР Ұлттық қорынан, республикалық, облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 4 млрд. 167 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 101,6 шақырымды құрайтын барлығы 174 көшеге, оның ішінде 1 көше (7 км) құрылысы, 2 көшеге (2,6 км) қайта жаңғырту, 91 көшеге (68,5) орташа жөндеу және 80 көшеге (24,5 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы да жол жөндеу шаралары жүргізілді. Оған облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 3 млрд. 312,4 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 94,4 шақырымды құрайтын барлығы 137 көшеге, оның ішінде 10 көшеге күрделі, 72 көшеге орташа жөндеу, 51 көшеге ағымдағы жөндеу атқарылды. Ал 4 көшеге тас жол құрылысы жұмыстары жүргізілді. Ал 2018 жыл республикалық, облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген
2 млрд. теңгеден астам қаржыға жалпы ұзындығы 97,8 шақырымды құрайтын барлығы 112 көшеге күрделі, орташа жіне ағымдағы жөндеу шаралары атқарылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: