Facebook WhatsApp Instagram

0

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА "ШЫНЫ БАЛАҒА" ОТА ЖАСАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА "ШЫНЫ БАЛАҒА" ОТА ЖАСАЛДЫЖамбыл облысында "шыны балаға" ота жасалды, - деп хабарлайды  Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы.
Бүгін облыстық балалар ауруханасында «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының көмегімен  Литвалық  профессор, балалар ортопеді Санюкас Кестутистің жетекшілігімен БАҚ арқылы көпшілікке танымал Жамбылдық «шыны бала» атанған 5 жасар Бақдәулет Жаңабердіге  ота жасалды. 
Жетілмеген остеогенез деген дертке шалдыққан баланың  осы уақытқа дейін қол-аяғы мен иық сүйектері 30 рет сынған. Негізі ауру генетикалық сипатқа ие. Яғни балада коллогеннің түзілуі бұзылған. Соның салдарынан сүйектері сынғыш болып келеді. Сондықтан операция кезінде сүйектің ішіне темір қондырғы орнатылды. «Ота сәтті өтті, нәтижесінде сынғыштық азайып, сүйек бірте-бірте қалпына келеді»,- дейді Литвалық профессор.
Бала ауруының дамуының басты себебі - бас миының қозғалыс орталықтарының құрсақтағы зақымдануы салдарынан пайда болған. Сондықтан әр түрлі ауырлық деңгейдегі қозғалыстар оның сынғыштығына әкелген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: