Facebook WhatsApp Instagram

0

Жас жігіт ғашығы үшін өз өмірін құрбан ете жаздады (ВИДЕО)

Қызылордада жас жігіт ғашығы үшін өз өмірін құрбан ете жаздады, деп хабарлайды 31.kz. Сүйіктісімен сөзге келіп қалған ол бесінші қабаттан секіруге әрекеттенген. Полицейлермен болған келіссөздерден кейін ол өз еркімен төмен түсті.
Махаббатқа ғана емес ішімдікке де мас болған азамат бүкіл елді дүрліктірді. Шұғыла шағын ауданына полиция қызметкерлері және құтқарушылармен қатар көршілер түгел жиналды. Ащы суға тойып алған  жігіт бұл қылығының себебін «қызыммен ренжіскен соң жасағым келді»,- деп түсіндірген. Оның тарапынан мұндай іс-әрекет бірнеше рет қайталанған екен. Оқиға кезінде жігітімен телефон арқылы тілдесіп отырған бойжеткеннің бұған бойы үйренгенге ұқсайды.
ТАЛҒАТ ТҰРСАНОВ, құтқарушы:
Біздің құтқарушылармен құтқару жұмыстары жүргізілген жоқ. Өз еркімен төмен қарай түсті.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: